«Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жүйесіндегі инновациялар» республикалық семинар-кеңесі

Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын  республикалық институты «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамында 2018 жылғы 25 қазанда «Білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру жүйесіндегі инновациялар» республикалық семинар-кеңесі өтті.

Семинар-кеңесті Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын  республикалық институтының директоры п.ғ.д., профессор Ж.А.Мақатова құттықтау сөбен ашты.Семинар-кеңестің негізгі мақсаты білім беру ұйымдары менеджментін жаңғыртудың өзекті мәселелерін, инклюзивтік білім берудің, латын графикасына көшу мәселелерін  талқылау, цифрлық білім беру ресурстарын жасайтын қазақстандық компаниялардың жетістіктерімен таныстыру болды.

«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамының президенті, педагогика ғылымдарының докторы Альмира Ізбасарқызы Тәжіғұлова «Цифрландыру арта білім беруді жаңғыртудың жағдайы ретінде» атты баяндама жасады.

Семинар-кеңестің жұмысына қазақстандық ғылыми орталықтардың басшылары мен өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының әдіскерлері мен мамандары және т.б, қатысты.

Добавить комментарий