Алма Оразбаева атындағы мектептің мерейтойы

2018 жылғы 12 қазанда Батыс Қазақстан облысы Қазтал кентінде Алма Оразбаева атындағы мектептің мерейтойы атап өтілді. Алма Оразбаева қатардағы мұғалімнен қоғамдық партиялық қайраткер деңгейіне дейін жеткен  алғашқы қазақ қызы. Бұл мектепте мыңдаған балалар өздеріне лайықты білім алып шықты, онда керемет, дарынды мұғалімдер жұмыс істеді.

Мектептің мерейтойына арналған салтанатты жиында, осы мектептің түлегі — «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» акционерлік қоғамының президенті, педагогика ғылымдарының докторы Альмира Ізбасарқызы Тәжіғұлова сөз сөйледі. Ол мектептің педагогикалық ұжымын, оқушыларын құттықтап, мектепке Ұлттық ақпараттандыру орталығы жасаған электронды оқулықтар мен мультимедиалық оқыту бағдарламаларын тарту етті.

Сол күні А.І.Тәжіғұлованың ата-анасы, ардақты мұғалімдер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Рысмағамбетов Ізбасар Әліпұлы мен Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Дулатова Хауа Аюпқызының құрметіне үшін мемориальдық тақта орнатылды.

Алма Оразбаева атындағы мектептің түлектері мұғалімдермен бірге.
Алма Оразбаева атындағы мектептің түлектері мұғалімдермен бірге.

Ардақты мұғалімдер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Рысмағамбетов Ізбасар Әліпұлы мен Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Дулатова Хауа Аюпқызының құрметіне арналған мемориальдық тақта орнату салтанаты.

Мектеп оқушыларының концерті

Добавить комментарий